Түркияда дауылдан демалыс орындарын су басты

26 қараша 2023 21:25 / Мир

Түркияда Эгей және Жерорта теңіздері арнасынан асып, соның салдарынан Измир, Анталия сынды ірі қалалар су астында қалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы  TRT Haber арнасы жариялады. 

Измирде Қаршыяка және Конак аудандарында жағалаулар, бақтар, жолдар, кеңселер, көпқабатты үйлер мен дүкендер су астында қалды. Анталияда жаңбыр жауады. Дауылға байланысты паром рейстері тоқтатылды.

Алсанджак және Кордон аймақтарында қайықтардағы құтқарушылар су басқан дәмханаға келушілерді эвакуациялады. Мавишехирде сиреналар тұрғындарға су тасқыны қаупі туралы ескертті. Кейбір тұрғындар көліктерді жерасты гараждарынан шығаруға тырысып жатыр. 

Ыстамбұлда ауа температурасы +8 градусқа дейін төмендеді. Сабиха Гөкчен әуежайындағы рейстердің 15 пайызы кейінге қалдырылды. Түрік билігі ауа райының қолайсыздығына байланысты 64 провинцияда «қызғылт сары» және «сары» дабыл деңгейін жариялады. 

Серіктес жаңалықтары