Тұтқыннан босатылған украин жауынгерлері майданға орала ма?

8 қаңтар 2024 13:00 / Мир

Тұтқыннан босатылған украин жауынгерлері майданға орала ма? Қазір Жоғарғы Рада талқылап жатқан Украинаның әскери қызмет туралы жаңа заң жобасы ресейлік тұтқыннан босатылған әскери қызметкерлерге қатысты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Омбудсмен Дмитрий Лубинецтің айтуынша, қазірдің өзінде олардың саны 2800-ден асты.
 
Заң жобасының авторлары босатылған әскери тұтқындардың демалысын үш айға дейін ұлғайту, сондай-ақ оларға қызметтен бас тарту мүмкіндігін беруді ұсынады.

Тұтқында болған әскери қызметшілер мен олардың құқықтарын қорғаумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың мұны сұрап отырғаны бірінші жыл емес.

DW арнасына берген сұхбатында өткен жылы сегіз ай тұтқыннан кейін бостандыққа шыққан әскери қызметші Евгений Шибалов: «Жалпы, менің сауығып кетуім алты айға созылды», - деп еске алады.

«Әзірге нормативтік құқықтық актілерде тұтқыннан босатылғандардың моральдық-психологиялық жағдайы және олардың одан әрі қызметтік міндетін атқару мүмкіндігі ескерілмейді», - делінген заң жобасының түсіндірме жазбасында.

Серіктес жаңалықтары