Үйіне 555 шырша орнатып, әлем рекордын жаңартты
Неміс тұрғыны өз үйіне 555 шырша орнатып, әлем рекордын жаңартты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Германияның солтүстігіндегі Ринтельн қаласында тұратын 57 жастағы Томас Жеромин мен оның әйелі Сюзанна «бір жерде ең көп безендірілген шырша» бойынша әлемдік рекорд орнатты.
180 шаршы метрлік жеке үйінде екеуі 555 шыршадан құралған орман орнатқан.
108 000 шар мен 48 000 шам. Бір ғана қонақ бөлмесіне 89 ағашты сыйдырған.
Жатын бөлмелер, дәлізде және тіпті дәретханада да шыршалар бар.
Бұны "ғажайыпты" Германияның рекордтар институты ресми түрде растады.
Неміс ерлі-зайыптылары хоббиіне келгенде де үнемдеуді ұмытпайды. Электр қуатының бағасы көтерілгендіктен, олар энергияны үнемдейтін жарықдиодты жолды шамға көшті.
Ал 6 қаңтарға дейін олар ертегі орманын толығымен алып тастауды жоспарлап отыр.
Әзірге ғажайып үйді көруге Германияның түкпір-түкпірінен, тіпті басқа елдерден де қонақтар келеді.