Украина өз сарбаздарының өлтірілген видеосын растады
Украина қарулы күштері украин сарбаздарын өлім жазасына кескен видеоның шынайылығын растады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Виеокадрларды 2 желтоқсанда Украинаның Deep State мониторинг жобасы Telegram арнасында жариялады.
Ұшқышсыз ұшу аппаратынан түсірілген видеода Украина қарулы күштерінің формасын киген екі сарбаз қолын басына керіп окоптан кезекпен шығып жатыр.
Украина әскерилерінің оқ-дәрісі таусылған соңғ берілуге мәжбүр болған деген болжам бар.
Содан кейін орыс солдаттары украин жауынгерлерін атып тастайды.
Телеарнаның хабарлауынша, бұл Авдеевканың солтүстік-батысындағы Степовое ауылында болған.
Украина қарулы күштерінің страткомы Ресей Федерациясы халықаралық құқық пен соғыс заңдары мен әдет-ғұрыптарын тағы да бұзды деп көрсетті.
Дәлелдер әскери қылмыстарды тергеумен айналысатын халықаралық ұйымдарға беріледі, деп хабарлады Таврид қорғаныс күштерінің баспасөз орталығы.
Ресей тарапы бұл видеоға қатысты ешқандай түсініктеме бермеді.