Украинада майданға жіберілген мысықтар тышқандарға төтеп бере алмай жатыр

25 қаңтар 2024 15:12 / Мир

Украинада майданға жіберілген мысықтар тышқандарға төтеп бере алмай жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Өткен жылдың соңында Украина тышқандармен, егеуқұйрықтармен және жыландармен күресу үшін майданға мысықтар жіберген.

BILD шолушысы Карен фон Гуттенберг жазғандай, соғысып жатқан екі жақтың окоптарында кеміргіштер "шабуылы" жалғасуда. Мыңдаған тышқан мен егеуқұйрық траншеяларды толтырғаны сонша, олармен мысық та, құрылып қойылған қақпандар да төтеп бере алмайды.

Украина қарулы күштерінің Кира шақыру белгісі бар әскери қызметкері CNN телеарнасына айтқандай, күзде Запорожье облысының оңтүстігінде төрт сарбазбен бірге бір блиндажға 1000-ға жуық тышқан қоныстанған.

«Ұйықтап жатқаныңызды елестетіп көріңіз, түнде тышқандар үстіңдегі киіміңе кіріп, саусағыңды тістелеп, кеміре бастайды. Сонымен арпалысамын деп, екі-үш сағат ұйықтайсыз. Бізге тышқан емес, біз оларға қонаққа келгендей болдық», - дейді Кира.

Әскери қызметкер Буся есімді алдыңғы қатардағы мысықтың әуелде кеміргіштермен күресуге көмектескенін, бірақ кейін олардың санына төтеп бере алмағанын айтты. Мысық бір-екі тышқанды ғана ұстай алды, бірақ тышқан саны 70-ке дейін жетті.

Гуттенбергтің айтуынша, ресейліктер де тышқаннан зардап шегіп жатыр, бірақ тышқанды көбінесе тірі нысана ретінде пайдаланады: кеміргіштің табанына скотч жапсырып атып тастайды.

Тышқандар енді тек көктемде ғана азаюы мүмкін дейді. 

Серіктес жаңалықтары