WSJ: Пригожинді өлтіруді Патрушев ұйымдастырды

23 желтоқсан 2023 10:00 / Мир

Пригожинді өлтіруді Патрушев ұйымдастырды, Путин қарсы болмады, - деп хабарлайды Arbat.media.

«ПМК Вагнер» компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожиннің ұшақ апатында қаза болуы Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушевтің тапсырысымен жасалған қастандық болды, деп хабарлайды The Wall Street Journal Батыс барлау қызметтерінің өкілдері мен ресейлік бұрынғы барлау офицеріне сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, Патрушев Путинге Пригожиннің ықпалының күшеюі туралы 2022 жылдың жазында ескерткен.

Ал 2022 жылдың қазан айында Пригожин Путинге қоңырау шалып, оқ-дәрілердің жоқтығына дөрекі түрде шағымданғаннан кейін, Патрушев Ресей Федерациясының басшысын «қауіпті болып, Кремль беделін құрметтеуді тоқтатқан» Пригожиннен алшақ болуға көндірді.

Бұл туралы басылымға ресейлік барлаудың бұрынғы офицері айтты.

WSJ хабарлағандай, жарылғыш құрылғы Пригожин мен тағы тоғыз жолаушы Мәскеуден Санкт-Петербургке ұшып бара жатқан жеке ұшақтың қанатының астына қойылған.

Ұшақ көтерілгеннен кейін көп ұзамай Тверь облысында құлады. Барлық жолаушы мен экипаж мүшелері қаза тапты.

Кремль Пригожин ұшағы апатына қатысы барын жоққа шығарады, ал Путин борттағы қол гранатасының жарылғаны туралы нұсқаны айтты.

Серіктес жаңалықтары