Хамас кепілге алынған адамдарлы Израиль түрмесіндегі палестиналықтарға айырбастауға дайын

30 қазан 2023 9:10 / Мир

Хамас кепілге алынған барлық адамды Израиль түрмелеріндегі палестиналықтарға айырбастауға дайын, - деп хабарлайды Arbat.media.

Лаңкестік топ жетекшілерінің бірі Яхья Синвардың бұл мәлімдемесін бірқатар халықаралық ақпарат құралдары келтіріп отыр.

Израиль қорғаныс күштерінің хабарлауынша, Хамас содырлары 7 қазанда Израильге жасаған шабуылда 230 адамды тұтқындаған.
 
Бір күн бұрын Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху кепілге алынғандардың туыстарымен кездесті.

Мұндай кездесуді содырлар ұрлап кеткен израильдіктердің туыстары өздері талап еткен.

DPA агенттігінің хабарлауынша, кепілге алынғандардың отбасы өкілдері Израиль билігінен жақындарын Израиль түрмелеріндегі палестиналық тұтқындарға айырбастау мәселесін қарастыруды талап етуде.

Нетаньяху алмасу мүмкіндігі «талқыланып жатқанын» айтты.

Кездесуден кейін премьер-министр Израильдің ХАМАС-қа қарсы соғысының екінші кезеңіне аяқ басқанын айтты.

Серіктес жаңалықтары