«Хезболла» Израильге 320 зымыран ұшырды

25 тамыз 2024 11:00 / Мир
Фото: Видеодан алынған кадр

«Хезболла» Израильдің солтүстік аймақтарына 320 зымыран ұшырды.The Times of Israel басылымының хабарлауынша, қозғалыс еврей мемлекетіндегі 11 әскери базаға соққы жасаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Jerusalem Post газеті Ливаннан Израильге 200-ге жуық зымыран атылғанын мәлімдеді, деп жазады ТАСС агенттігі.

Басылымның дерегіне қарағанда, снарядтардың ұшырылуы жергілікті уақыт бойынша 05:30–дан 06:15–ке дейін тіркелген, бірнеше зымыран Израиль аумағына жеткен.

Израильге зымырандық шабуылдан кейін шииттік Хезболла қозғалысы Бейрутта өзінің әскери қанатының қолбасшысы Фуад Шокрдың өліміне «алғашқы жауап» туралы айтты.

«Израильге зымыран ұшыру қаупін жою үшін өзін-өзі қорғау аясында Израиль армиясының Ливандағы лаңкестік нысандарға соққы бергені бұрын хабарланған болатын, ол жерден Хезболла израильдік бейбіт тұрғындарға шабуыл жасауды жоспарлаған», — деп жазды Израиль армиясының өкілі Даниел Хагари.

Серіктес жаңалықтары