Хорватия министрі Анналенаны сүйіп алмақ болғаны үшін кешірім сұрады
Хорватияның Сыртқы істер министрі Германия Сыртқы істер министрін сүйіп алғаны үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл жағдай Еуропадағы өзекті мәселелер талқыланған конференцияда, Берлинде болды.
Конференцияға Еуропаның көптеген сыртқы істер министрлері қатысты.
Күн тәртібінде Еуропалық Одақты одан әрі дамыту және кеңейту мәселесі қаралған.
«Бірақ қазір бәрі басқа нәрсе туралы айтып жатыр. Сыртқы істер министрі Анналена Бербокты сүйіп алуға ұмтылысын талқылауда.
Хорватияның Сыртқы істер министрі Гордан Грлич-Радман бірлескен суретке кешігіп, кейін Германиядағы әріптесін сүймек болған. Бірақ Бербок соңғы сәтте жалтарып кетті.
Әлеуметтік желілерде бұл әрекетке наразылық білдіргендер пайда болды.
Кейбір саясаткерлер де үндемей қалмады. Әсіре солшыл депутат Ивана Кекин бұл адам «барлық хорваттарды масқара етті» десе, елдің бұрынғы премьер-министрі Ядранка Косор әйелдерді күштеп сүю зорлық-зомбылыққа тең екенін еске салды.
Грлич-Радман кешірім сұрап, ол тек сәлемдескісі келгенін, бірақ сәлемдесуі сөлекет көрініп, ыңғайсыз болып шыққанын түсіндірді.