Юрий Дудь РФ Қарулы күштерін «қаралау» бабы бойынша тексерілуде

12 қараша 2023 16:00 / Мир

Юрий Дудь РФ Қарулы күштерін «қаралау» бабы бойынша тексерілуде, - деп хабарлайды Arbat.media.

Мәскеу прокуратурасы Дудьтың жуырда Цыгановтар жұбына берген сұхбатында айтқан сөздерін тексеріп жатыр, деп хабарлайды ТАСС.

Бұған белсенді Виталий Бородиннің мәлімдемесі себеп болды.

Ол Дудь сұхбатында Ресей қарулы күштерінің Украина аумағындағы әрекеттерін төмендетіп, сондай-ақ Ресей Федерациясының президенті және мемлекеттік органдардың өкілдері туралы тікелей пікірін шімірікпей арсыз кейіпте айтып, арнайы әскери операцияны "соғыс" деп атаған деп санайды.

Бородин Дудьты «беделін түсіру» бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз бар деп есептейді.

Виталий Бородин - кремльшіл белсенді, ол соғысты айыптаған ресейлік мәдениет қайраткерлеріне бірнеше рет айыптау жазған.
Олардың қатарында Лия Ахеджакова, Алла Пугачева, Валерий Меладзе, Диана Арбенина, Семён Слепаков бар.

Серіктес жаңалықтары