Жапонияда Хатиконың 100 жылдығы тойланды

15 қараша 2023 23:17 / Мир

2023 жылдың қараша айында әйгілі Хатико итінің туғанына 100 жыл толды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қараша айында Жапонияда 100 жасқа толған Хатико итінің құрметіне арналған шаралар өтті. Акита префектурасындағы Одате қаласында тұрғындар иттің құрметіне шаралар өткізді.

Хатико 1923 жылы дүниеге келген. Ит қожайынын алғаш кездестірген кезде туғанына бірнеше апта ғана болған.

Қожайыны — Токио университетінің профессоры оны Сибуя станциясында жұмысына бара жатқан кезде тауып алған. Күн сайын ит иесін жұмысқа шығарып салып, күтіп алуды әдетке айналдырған. Алайда профессор университет кампусында күтпеген жерден қайтыс болады. Ал ит 10 жыл бойы стансадан иесінің оралуын күтеді.   

Бір басылым ит туралы жазған кезде оның оқиғасы бүкіл Токио жұртшылығына қатты әсер етті.

1948 жылы Токиодағы Сибуя стансасында Хатикоға ескерткіш орнатылған, онда иесіне адал иттің марқұм қожайынын күтіп тұрғаны бейнеленген.

 

Серіктес жаңалықтары