Зеленский Трамп жоспарын талқылауға дайын, бірақ Донбасс пен Қырымды бермейді

23 қараша 2023 9:00 / Мир

Зеленский Трамптың бейбітшілік жоспарын талқылауға дайын екенін, бірақ Украина Донбасс пен Қырымды Ресейге бермейтінін айтты- деп хабарлайды Arbat.media.
 
Украина президенті америкалық Fox News арнасына берген сұхбатында АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамппен Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы бітімге келу туралы ұсыныстарын талқылауға дайын екенін айтты.
 
"Егер оның нақты бейбітшілік жоспары болса, оны менімен бөлісе алады. Иә, егер біз Донбасс пен Қырымды Ресейге берсек, бұл соғысты тоқтата аламыз. Менің ойымша, біздің ел мұндай бейбітшілік жоспарына дайын емес. Бұл бейбітшілік жоспары емес», - деп Зеленский тілшінің Трамппен кездесуге дайын ба деген сауалына жауап берді.
 
Дональд Трамп Ресей мен Украина арасында «24 сағат ішінде» бейбіт келісімге қол жеткізуге бірнеше рет уәде берген еді. 

Серіктес жаңалықтары