Зеленский Вашингтонда Байден және Харриспен кездесті
Зеленский Вашингтонда Байден және Харриспен кездесті. Джо Байден Владимир Зеленскийге АҚШ Украинаға қолдау көрсетуді жалғастырады деп сендірді. Бұған қоса, ол АҚШ Киевке әскери көмектің жаңа пакетін бөлетінін, оның көлемі 2,4 миллиард долларды құрайтынын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
"Ашығын айтайын: Ресей соғыста жеңбейді. Ресей жеңбейді. Украина жеңеді, біз сіздің қасыңызда боламыз", - деді Америка президенті Ақ үйде өткен кездесуде.
Зеленский Вашингтонда АҚШ вице-президенті, президенттік сайлаудағы Демократиялық партиядан үміткер Камала Харриспен де кездесті.
Харрис Вашингтонның Киевке қолдауы «мықты» болып қала береді деп сендірді.
Бұған қоса, ол «Украинаны егеменді аумағының маңызды бөлігінен бас тартуға және Украинадан бейтараптықты қабылдауды талап етуге» тырысып жатқандарды сынға алды.
«Бұл ұсыныстар Путиннің айтқандарына ұқсайды: бұл бейбітшілік туралы ұсыныс емес», - деді Харрис.
AP агенттігі АҚШ вице-президентінің бұл сөздерін оның қарсыласы республикашыл Трамптың бастамаларына сын ретінде бағалады.