Зерттеу: Еркектің ұрықтылығын қалай арттыру керек
Дәрігер ерлердің ұрықтылығын қалай арттыру керектігін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Британдық дәрігер Роб Галлоуэй қалыпты дене салмағын сақтау, жүйелі жаттығулар, дұрыс тамақтану және балық майы еркектердің ұрықтылығын арттыратынын айтты. Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.
Дәрігер дұрыс салмақты сақтау шәует (сперматозоид) сапасына оң әсер ететінін түсіндірді. Даниялық ғалымдар жүргізген зерттеу сегіз апталық диетадан кейін салмағын жоғалтқан семіз еркектердің эякуляциядағы сперматозоид санын шамамен 50 пайызға арттыратынын анықтады.
Галлоуэй сонымен қатар ер адамның ұрықтылығын арттыру үшін тұрақты жаттығу жасау маңыздылығын атап өтті. 2015 жылы Reproduction журналында жарияланған басқа зерттеуге сәйкес, кардио (жүрек-қан тамырлары жұмысын жақсартуға арналған жаттығу) және күш жаттығулары (бұлшықет күшін дамытуға арналған жаттығулар) комбинациясы тұқымдық сұйықтықтағы сперматозоидтардың санын 21% арттыруы мүмкін.
Дегенмен велосипедпен жүруден аулақ болу керек. Велосипед орындығының қысымы сперматозоид сапасының төмендеуімен байланысты екен.
Дәрігер еркек ағзадағы тотығу стресінің қарқындылығын төмендететін тағамды көбірек жеу керек дейді. Бұл антиоксидант жүйенің жеткіліксіз жұмыс істеуіне байланысты тотығу нәтижесінде жасушаның зақымдану процесіне әкеледі. Бұл өнімдерге жаңғақтар кіреді.
Сонымен қатар белгілі бір тағам қоспалары сперматозоидтардың сапасын жақсартуға көмектеседі. Кейбір зерттеулерге сәйкес, балық майын қабылдау сперматозоидтардың қозғалысын жақсартады.