13 адам жантүршігерлік жағдайда жанып кетті: Тың дерек

28 маусым 2025 12:41 / Новости Казахстана

Алматыда 13 адамның өмірін қиған хостелдегі өртке қатысты сот процесі аяқталуға жақын, деп хабарлайды Arbat.Media.

Судья үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті. Бүгін соттағы соңғы сөзінде қос айыпталушы бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Сотта қылмыстық іс бойынша хостелдің директоры Әділбек Мұхамедияров пен ғимаратқа өрт қауіпсіздігі жүйесін орнатқан Александр Пекельник жауап берген. Прокурор олардың бірін 4 жылға, екіншісін 5 жылға соттауды сұрады. Ғимаратты жалға алған Мұхамедияров иелері онда өрт қауіпсіздігі сақталған деп сендірді деп отыр. Ол соттағы соңғы сөзінде бес баласы мен қарт ата-анасы бар екенін айтты. Марқұмдардың жақындарына "қаржылай көмектестім" деген ол, өзін түрмеге қамамауды сұрады.

Екінші айыпталушы да сотта хостелдегі өртке "еш қатысым жоқ" деп отыр. Бұл қайғылы оқиға 2023 жылдың қарашасында болған. Қала орталығындағы хостелден өрт шығып, салдарынан 13 адам мерт болған еді. Оның төртеуі шетел азаматы.

Серіктес жаңалықтары