1,3 млрд теңге: Шымкентте колледждар арқылы жалған оқыту схемасын ұйымдастырғандар ұсталды

12 мамыр 2026 15:26 / Новости Казахстана

Қылмыстық схеманы ұйымдастырушы заңсыз әрекеттерді түрмеде отырып басқарған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тергеу дерегінше, екі бірдей колледжде 2018–2025 жылдар аралығында жалған оқуға қабылдау және жұмысқа орналастыру туралы бұйрықтар рәсімделіп, электрондық цифрлық қолтаңбалар пайдаланылған. Сондай-ақ орындалды деп көрсетілген жұмыстар бойынша жалған актілер арқылы қаржы игерілген.

Азаматтар оқу орындарына тіркелгенімен, іс жүзінде білім алмаған. Бұдан бөлек, медициналық колледждің ақылы бөліміндегі студенттердің бір бөлігі мемлекет есебінен оқығандар ретінде рәсімделгені анықталды.

Жалпы мемлекетке келтірген залал көлемі 1,3 млрд теңгеден асады.

Қылмысқа қатысы бар екі күдікті қамауға алынып, тағы үш адамға қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылған.

Серіктес жаңалықтары