1,3 млрд теңгелік «Қазақ энциклопедиясы» мемлекет меншігіне қайтты

5 маусым 2026 18:33 / Новости Казахстана

Бұл компания бұған дейін бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысы бар жеке меншік компанияның иелігіне өткен, деп хабарлайды Arbat.Media.

2015 жылы кәсіпорынның үлесі заңсыз түрде жекешелендірілген. Сонымен қатар Алматы қаласы Әуезов ауданындағы аумағы 2 мың шаршы метрден асатын ғимарат та мемлекеттік меншіктен шығарылған.

Әуезов аудандық прокуратурасы мәмілелерді жарамсыз деп тануды сұрап, сотқа жүгінген. Кассациялық сот прокуратураның талабын қанағаттандырды.

Нәтижесінде бағасы шамамен 1,3 млрд теңге болатын актив мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бұған дейін, Арыстанбек Мұхамедиұлына аса ірі көлемде пара бермек болды, әйеліне пара алуға делдалдық жасады және адвокатына аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылған еді. Сот үкімімен Мұхамедиұлы 11 жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойына мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынған еді.

Серіктес жаңалықтары