13 заң бұзушылық анықталды: Бас прокуратура сайлау алдында үндеу жариялады
Оның ішінде 7 факт үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде тіркелген. Кінәлілер әкімшілік жауапқа тартылған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сайлаушылар мен кандидаттар сайлау алдындағы үгітті 28 қарашада сағат 00:00-де аяқтауы тиіс.
28 және 29 қарашада кез келген үгіт-насихатқа тыйым салынады. Ережені бұзғандарға 15-тен 35 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.
Толтырылған сайлау бюллетенін фото немесе видеоға түсіруге және оны сайлау күні таратуға мүлдем тыйым салынады.
Сайлауға 5 күн қалғанда және сайлау күні БАҚ пен онлайн-платформаларда қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін, сайлау болжамдарын жариялауға болмайды.
Митинг, жиналыс пен пикет өткізу үшін хабарлама беру, ал шерулер мен демонстрациялар үшін әкімдікпен келісу міндетті.
Масс-медиа мен әлеуметтік желілерде өтірік немесе заңсыз ақпарат таратқандар жазаланады.