17 тамызда Қазақстанның бірқатар аймағында дауыл тұрады

17 тамыз 2025 9:20 / Новости Казахстана

Синоптиктер 17 тамызда Қазақстанның бірқатар аймағында ауа райы бұзылып, дауыл тұратынын ескертті, деп хабарлайды Arbat.Media.

17 тамызда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр мен бұршақ жауып, дауыл тұрады. Түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Көкшетау қаласында 17 тамызда найзағай жарқылдайды.

17 тамызда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында 17 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында 17 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

17 тамызда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с-қа жетеді. 17-18 тамызда облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында 17-18 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында 17-18 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

17 тамызда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында 17 тамызда кей уақыттарда найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с-қа жетеді.

17 тамызда Қарағанды облысының солтүстігінде шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр мен бұршақ жауып, дауыл тұрады. Найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында 17 тамызда найзағай жарқылдап, күндіз бұршақ жауады, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

17 тамызда Маңғыстау облысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

17 тамызда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 23 м/с жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында 17 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

17 тамызда Абай облысында найзағай жарқылдайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдап, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с-қа, күндіз екпіні 23 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қаласында 17 тамызда найзағай жарқылдайды. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

17 тамызда Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

17 тамызда күндіз Қызылорда облысының солтүстік-шығысында найзағай жарқылдайды. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 17 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

17 тамызда түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

17 тамызда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай жарқылдайды. Күндіз найзағай жарқылдап, облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскемен қаласында 17 тамызда найзағай жарқылдап, күндіз бұршақ жауады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

17 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауыр, күндіз бұршақ жауады, дауыл тұрады. Найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Петропавл қаласында 17 тамызда найзағай жарқылдайды.

17 тамызда түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдап, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағайдан бөлек, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Павлодар қаласында 17 тамызда найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

17 тамызда Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

17 тамызда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай жарқылдап, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында 17 тамызда найзағай жарқылдайды.

17 тамызда түнде Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстаң жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Серіктес жаңалықтары