18 қазанға арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" РМК 18 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер еліміздің басым бөлігінде күн райының бұзылуына орай ескерту жариялады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с-қа, кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетуі ықтимал.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, өңірдің шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі, өңірдің батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде 2 градус үсік жүреді. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с-қа жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың батысында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.