18 жастағы қыздың мәйіті қоршауға ілінген күйінде табылды

13 мамыр 2025 11:14 / Новости Казахстана

18 жастағы қыздың мәйіті Маршал Рыбалко көшесіндегі бар маңынан табылды, деп хабарлайды Arbat.media POLITICO.KZ сайтына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, жас қыз қоршаудан асып өтпек болған кезде тепе-теңдігін жоғалтып, темір тікенге құлап кеткен. 11 мамырға қараған түні орын алған қайғылы оқиға кезінде 18 жастағы Надежда қоршауға ілініп қалған, ал темір штырь оның сол жақ кеуде тұсына кірген. BAZA деректеріне сүйенсек, оқиға орнына келген құқық қорғау органдары қыздың қоршаудан асуға әрекет жасаған кезде абайсызда құлағанын және сол жерде қайтыс болғанын алдын ала анықтаған.

Бар қызметкерлері полицияға берген түсініктемесінде, оқиға кезінде мекемеде бар болғаны жеті қонақ қана болғанын айтты. Надежда құрбысымен бірге барға келген және олардың қолында 1,5 литрлік сыра бөтелкесі болған. Екеуі де қатты мас күйде болған. Қайғылы оқиға алдында Надя дәретханаға баратынын айтып кеткен, алайда қайтып оралмаған. Құрбысы оны біраз уақыт күтіп, іздеп көргенімен таппаған соң такси шақырып, үйіне кетіп қалған. Қазіргі таңда қыздың бардан қалай шыққаны және нақты не болғаны белгісіз болып отыр.

Бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Надежданың бейтаныс мигранттар тарапынан ұрланып, зорланған болуы мүмкін деген ақпарат таратқан. Олар қыз барда бейтаныс екі ер адаммен сөйлесуден бас тартқаннан кейін, оны ұрлап, зорлап, кейін қоршауға іліп қойған деген болжам жасаған. Алайда тергеу барысында мұндай мәліметтер расталмады. Полиция өкілдерінің хабарлауынша, қазіргі мәліметтерге сәйкес, Надежданың өлімі жазатайым оқиға салдарынан болған және қылмыстық сипат анықталмаған. Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты толық тексеріс жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары