20 тәулікке қамалған Данияр Елеусінов бостандыққа шықты
29 шілде 2026 10:38 / Новости Казахстана
Олимпиада чемпионы, қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов әкімшілік қамау мерзімін өтеп, бостандыққа шықты. Ол арнайы қабылдау орнынан шыққаннан кейін журналистерге қысқаша пікір білдіріп, болған оқиғаға өкінетінін айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Бұл оқиғаға қатысты айтарым – болған нәрсе болды, оны өздеріңіз де көрдіңіздер. Осы жағдайға қатты өкінемін», – деді спортшы.
Боксшыны қамаудан шыққан сәтте жұбайы Алина мен жақын достары күтіп алды.
Еске салайық, бұған дейін Астанада Данияр Елеусіновтің мас күйінде көлік жүргізгені анықталған болатын. Сот шешімімен ол 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылған еді.
Оқиғадан кейін спортшы алғаш рет көпшілік алдына шығып, жасаған әрекетіне өкініш білдірді.
27 қазан 2026 18:45 / Новости Казахстана
Соңғы жеті жылда Қазақстанда 3,6 миллион адам табиғи газға қол жеткізді
27 қазан 2026 17:22 / Новости Казахстана
1 млрд теңгеге жуық субсидияны жымқыру деректері анықталды
27 қазан 2026 16:40 / Новости Казахстана
Қазақстаннан Ресейге жұмыс істеуге 122 мыңнан астам адам барған
27 қазан 2026 15:40 / Новости Казахстана
Мәслихат сайлауы: Кандидаттарға қанша қаржы бөлінетіні белгілі болды
27 қазан 2026 14:37 / Новости Казахстана
Волейболшы қызды басынан ұрған жаттықтырушы жарыстан шеттетілді
27 қазан 2026 12:12 / Новости Казахстана