280-нен астам әскери қызметші Оралдан Атырау облысына көмекке аттанды

25 сәуір 2024 8:34 / Новости Казахстана

Қызылорда мен Маңғыстау облыстары төтенше жағдай департаменттерінің жеке құрамы және ТЖ министрлігі Қарағанды қаласындағы 52859-әскери бөлімінің әскерлері Орал қаласынан Жайық өзенінің төменгі ағысында орналасқан Атырау облысына көмекке аттанды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жолға жиналған 281 қызметкерді шығарып салу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов өңір басшысы Нариман Төреғалиұлының атынан қиын сәтте қолдау білдіргендері үшін әскери мамандарға ризашылығын білдіріп, алғысхаттар табыс етті, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны болып, төтенше жағдай режимі енгізілген кезде өзге өңірлерден әскери құрылымдардың, оның ішінде Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ұлттық ұланның, Шекара қызметінің жеке құрамдары келген болатын. Олар су тасқынының алдын алуға атсалысты.

Қазіргі таңда облыс көлемінде су тасқынына қатысты жағдай тұрақталып, Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті межеден түсіп келеді. Соған байланысты әскери қызметшілердің алдыңғы легі кейін қайта бастады.

 

Серіктес жаңалықтары