«29 миллион жымқырған»: Емхананың бас есепшісі қамалды

31 мамыр 2024 14:23 / Новости Казахстана

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты дене шынықтыру және спорт бөлімі емханасының бас есепшісіне қатысты қылмыстық істі қарады. Ол 29 миллион теңгеден астам қаржы жымқырғаны үшін 7,5 жылға сотталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Тергеу органы оны қызмет бабын пайдаланып, аса ірі мөлшерде бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін заңсыз иемденді деп айыптады.

«Сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырумен 7,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», деп хабарлады ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сотта анықталғандай, емхананың бас есепшісі бір жыл ішінде қызметкерлердің есепшотына жалақысынан асып түсетін қаражатты аударған. Кейін ол осы артық жинақталған қаражатты досының есепшотына қайтаруды өтінген.

Осылайша қаражатты өз қажетіне жаратып, 29 млн теңгеден астам шығын келтірді.

 

Серіктес жаңалықтары