300-ден астам тарихи-этнографиялық ескерткіш табылды
Солтүстік Қазақстан облысында биыл «Мәдени-тарихи үрдіс контекстіндегі Солтүстік Қазақстан: тас дәуірінен бастап қазіргі заманғы этнографияға дейін» атты жоба басталды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Өңірде бір жазда 300-ден астам тарихи-этнографиялық ескерткіш ашылды.
Биыл Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының бастамасымен СҚО-ның тас дәуірінен бастап осы заманғы этнография ескерткіштерін анықтау мақсатында бағдарлама қолға алынды.
Тарихшы-археологтар жаз айларында өңірдің 7 ауданында — Есіл, Шал ақын, Тимирязев, Айыртау, Жамбыл, Мамлют және Мүсірепов атындағы аудандарда жұмыс істеді.
11 археологиялық отряд құрылды.
Мамандар Қостанай және Павлодар облыстарын да қамтыды.
Жиналған материал негізінде СҚО-ның археологиялық каталогы жасалады.