5 баланың өмірін қиған Жітіқарадағы өрт: Облыс әкімі мәлімдеме жасады
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Жітіқарадағы қайғылы оқиғаның мән-жайына тоқталды. Облыс басшысы Жітіқарадан келіп, Рудный қаласының тұрғындарымен кездесуінде болған жайтқа қатысты пікір білдірді. «Енді комиссия тексереді. Біз қазір осындай қайғылы оқиғалардың алдын алуы тиіс болған қызметтер өз міндетін атқарды ма, жоқ па, тексеріп жатырмыз. Біріншіден, есепте тұрған отбасыларды газ анализаторларымен жабдықтауымыз керек. 2019 жылы ол үйге газ анализаторы орнатылған. Ол жұмыс істеп тұрған», — деді ол, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Наша газета басылымы жазды.
Әкімнің айтуынша, жылына екі рет және жылыту маусымы басталғанға дейін міндетті түрде төтенше жағдайлар қызметінің мамандары бұл құрылғыларды тексереді. Олар тамыз айында ғана осы үйді тексерген екен.
«Бірақ, баланың айтуынша, бірдеңе өртеніп кеткен. Барлық мән-жайды комиссия анықтап жатыр. Өкінішке қарай, осындай қайғылы оқиға болды. Кешірім сұраймыз», — деді облыс әкімі.
Әкім отбасыға көмек көрсетілетінін айтты.
«Бүгін немесе ертең барлық қажетті құрал-жабдықтары бар тұрғын үй сатып алынады, бір-екі күнде жасаймыз. Зардап шеккен отбасы бұрын атаулы әлеуметтік көмек алушы ретінде есепте тұрған. Өкінішке қарай, балардың әкесі түрмеде, анасы қаладағы дүкендердің бірінде жұмыс істеген», — дейді Құмар Ақсақалов.