5,2 млрд теңгеден астам шығын келтірген: ҚМА Қапеновке қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді
ҚМА «ҚазТемірТранс» АҚ-ның бұрынғы вице-президенті А. Қапеновке қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. Ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және ақша қаражатын жымқыру бойынша айыпталып отыр, деп хабарлайды Arbat.Media.
Тергеу мәліметінше, Азамат Қапенов лауазымын пайдалып, жүк вагондарын басқару қызметтерін көрсету кезінде таныс компанияларға заңсыз артықшылықтар жасаған.
Салдарынан «ҚазТемірТранс» АҚ-ға 5,2 млрд теңгеден астам мөлшерде залал келтірілген.
Қазіргі уақытта Азамат Қапеновке халықаралық іздеу жарияланған. Сотпен оған қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.
Келтірілген залалды өтеу үшін бас көлік прокуратурасы «Достық» станциясындағы терминалды сотқа дейін тәркілеу туралы өтініш жолдаған.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының қаулысымен аталған мүлік мемлекет кірісіне өткізілді.