8 қазанға арналған ауа райы болжамы

8 қазан 2026 9:25 / Новости Казахстана

8 қазанда Қазақстанның солтүстігі, шығысы мен орталығында ауа райы құбылмалы болады. Кей өңірлерде жаңбыр жауып, шығыста қар аралас жауын-шашын күтіледі. Ал еліміздің батысы мен оңтүстігінде күн негізінен жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қазгидрометтің мәліметінше, циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен 8 қазанда солтүстік, шығыс, орталық және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында тұрақсыз ауа райы сақталады. Солтүстік пен орталықта жаңбыр, шығыста жаңбыр мен қар жауады. Республика бойынша жел күшейіп, кей жерлерде тұман түседі. Шығыс өңірлерде түнгі уақытта көктайғақ болуы ықтимал.

Астана: көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +5…+7°C, күндіз +11…+13°C болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғып, екпіні 15-20 м/с-қа, түнде және таңертең кей уақытта 23 м/с-қа дейін жетеді.

Алматы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде шамамен +7…+10°C, күндіз +17…+19°C. Жел әлсіз, негізінен 3-8 м/с болады.

Шымкент: көшпелі бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Түнде +6…+8°C, күндіз +21…+23°C. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с болады.

Серіктес жаңалықтары