9-20-25 және 7-20-25 бағдарламаларының айырмашылығы
«Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова 2024 жылы іске қосылатын «9-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасының шарттарын түсіндірді, - деп хабарлайды Arbat.media.
«9-20-25» бағдарламасында үміткерде соңғы 5 жылда баспанасы болмауы керек деген шарт жазылады», — деді Ләззат Ибрагимова.
«Отбасы банк» басшысына жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосқанда «7-20-25» бағдарламасында жіберілген қателіктер ескеріле ме деген сұрақ қойылды.
«Біз бұл ұсынысты қолдаймыз. Себебі, Қазақстандық тұрғын үй бағдарламасы үлестік құрылыс нарығының адал әрі ашық болуына зор үлес қосады деп санаймыз. Егер объектіде ҚТҮК кепілдігі болса, нысан құрылысы толық аяқталады. Біз „9-20-25“ бағдарламасына тек дайын тұрғын үй ғана емес, ҚТҮК кепілдігімен салынып жатқан тұрғын үй де қатысуы керек деген ұсынысты қолдаймыз», — деді Ләззат Ибрагимова.
Спикер банктің құрылыс салушылармен жиі кездесетінін және қосымша мәселелерді біліп отыратынын айтты.
«Мысалы, „7-20-25“ бағдарламасына қатысу саны бойынша шектеулер болған жоқ. Яғни, клиент 2019 жылы пәтер сатып алып, баспана бағасының өсуін пайдаланып, оны сата алды және 2021 жылы қайтадан ипотекалық бағдарламаға қатыса алды. Бұл бағдарламада оған тыйым салынады. Адам тек бір рет қатысады. Бұдан басқа, „9-20-25“ бағдарламасында өтінім беру кезінде 5 жыл бойы тұрғын үй болмауы тиіс. Бұл бағдарламада, сондай-ақ жас ғалымдар бағдарламасында қатаң шарттар бар. Біз мұны мемлекеттік деректер базасы арқылы тексеретін боламыз», — деп толықтырды «Отбасы банк» басшысы.
Отбасы банк жас ғалымдарға пәтер беретін жаңа бағдарламаны іске қосты.