Әділет министрлігі: Заңның түсініксіз қазақша нұсқасы кері қайтарылады
16 қазан 2023 17:05 / Новости Казахстана
Әділет министрі Азамат Есқараев заңдардың мемлекеттік тілдегі мазмұнына байланысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Қолданыстағы заңнама бойынша әр мәтінде, әр тілде жазылған текст халыққа түсінікті, қолдануға жеңіл болуы керек деген талап көзделген. Егер мемлекеттік тілде олқылық бар болса, тиісті мамандар мен сарапшылар сол олқылықтарды анықтаса, ондай заң жобасын тіркеуден бас тартамыз. Яғни, оны бастамашы болған органға қайтарамыз».
«Заң жобалары тек бір тілдегі мазмұны бойынша ғана емес,заңнамадағы өзге талаптарға сәйкестігі бойынша сарапталады. Сондықтан нақты мемлекеттік тілдегі мазмұны бойынша статистика жүргізбейміз. Конституцияның қазақ тіліндегі нұсқасы заң тіліне сай деп есептеймін», – деді Азамат Есқараев.
9 қараша 2026 18:30 / Новости Казахстана
Мұнай өнімдерін экспорттауға салынған тыйым тағы алты айға ұзартылды
9 қараша 2026 18:16 / Новости Казахстана
Роботтар жұмысқа шықты: автоматтандырудың жаңа толқынынан кім табыс табады?
9 қараша 2026 17:28 / Новости Казахстана
Түркістанда аудан орталығындағы балалар алаңында екі әйел төбелесті
9 қараша 2026 16:07 / Новости Казахстана
Астанада Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды: полиция не дейді?
9 қараша 2026 15:35 / Новости Казахстана
Интернет-казиноларға 191 млрд теңге аударылған
9 қараша 2026 13:31 / Новости Казахстана