Агро-кәсіпорындарға жеңілдетілген жаңа несие бағдарламасы іске қосылады
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков аграрлық саланы қаржыландыру тетіктері туралы айтып берді. «Үкіметтің қолдауымен егін егу және егін орағы жұмыстарына жылына 5% мөлшерлемемен 580 млрд теңге бөлінеді. Оның ішінде 100 млрд теңгесі жеңілдетілген лизингке бағытталған. 2025 жылы 5% мөлшерлемемен көктемгі егіс және егін орағы науқанын жеңілдетілген қаржыландыру жалғасады. Несиені ұзартудың салдарынан кепілдіктердің болмау мәселесін шешу мақсатында «Даму» қоры арқылы несиелерді кепілдендіру механизмі енгізілді. Ол несие сомасының 85 пайызын кепілдендіруге мүмкіндік береді», - деді Е.Тасжүреков, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейін 8-10 пайызға мақсатында «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ға техниканы жылына 5% мөлшерлемемен лизингке беру үшін қосымша 100 млрд теңге тарту ескерілген. Бұл сома келер жылдары 450 млрд теңгеге дейін жеткізіледі. Сонымен қатар фермерлердің жеңілдетілген мөлшерлемемен лизингке техника алу мүмкіндігінен басқа, кейіннен инвестициялық субсидиялау тетігі аясында 30% өтемақыға қол жеткізу алу мүмкіндігін алады.
«Биыл Үкімет 2028 жылға дейін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың кешенді жоспарын қабылдады. Жакында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын кәсіпорындар қатыса алатын жеңілдетілген жаңа несие бағдарламасы іске қосылады. Олар 5% мөлшерлемемен несиені отандық шикізат сатып алу үшін пайдалана алады. Қазіргі кезде осы мақсаттарға 30 млрд теңге бөлу мәселесі қарастырылып жатыр», - деді вице-министр.
2024 жылы 79 инвестициялық жобаны жүзеге асыруға да 100 млрд теңге бөлінген. Ал 2025 жылы 122 инвестициялық жобаны жеңілдетілген тәртіпте қаржыландыруға 200 млрд теңге қарастырылады.
Мұнымен қоса Е.Тасжүреков «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру бағытына тоқталды. 2023 жылы 17 мың микронесиені беру үшін 100 млрд теңге бөлінді. 2024 жылы бағдарламаны жүзеге асыруда 80 млрд теңге игеріледі.