Аида Балаева Отбасы күнінде маңызды мәлімдеме жасады
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақстандықтарды Отбасы күніменқұттықтады, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Елімізде отбасы институтының нығайып келе жатқаны қуантады. Социологиялық деректерге сүйенсек, қазақстандықтардың басым бөлігі үшін (85–89%) басты құндылық – ерлі-зайыптылар мен балалар арасындағы өзара сүйіспеншілік, сыйластық пен түсіністік. Дәл осы құндылықтар мықты әрі берекелі отбасының негізін қалайды», - деп жазды Аида Балаева Facebook желісінде.
Сондай-ақ министр жазбасында ажырасу мәселесіне де тоқталды.
«Ажырасудың азаю үрдісі байқалуда. Соңғы бес жылда олардың саны шамамен 16%-ға төмендеді (2020 жылы – 48,2 мыңнан, 2024 жылы – 40,5 мыңға дейін). Бұл ерлі-зайыптылардың жауапкершілігінің артып, отбасын сақтап қалуға ұмтылысын айғақтайды», - деді.
Аида Балаева 2019 жылдан бастап Жоғарғы Сотпен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттарда «Бақытты отбасы» жобасы, ата-ана жауапкершілігін арттырып, бала тәрбиесіне саналы көзқарас қалыптастыруды мақсат еткен «Ата-аналар академиясы» жобасы, азаматтарды қолдауға арналған отбасы қолдау орталықтары жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті.