“Әйелін жұмысына барып өлтіріп кеткен”: Ер адамға үкім шықты
1 шілде 2025 14:35 / Новости Казахстана
Әйелін жұмыс орнына барып өлтірген ер адамға үкім шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.
27 наурыз күні Жылыой ауданының Құлсары қаласында адам шошытар қылмыс болған. Сот материалдарына сәйкес, қайғылы оқиға болған күні бұрынғы ерлі-зайыптылар арасында хат алмасу кезінде жанжал туындаған. Жанжалдан кейін ер адам қолына пышақ алып, әйел жұмыс істейтін емханаға барып, оның кабинетіне кіріп, басына, мойнына және кеуде тұсына өлімге әкелетін соққылар жасаған. Әйел оқиға орнында көз жұмды. Артында кәмелетке толмаған балалары қалды.
Сот ер адамды бұзақылық ниетпен кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, ол марқұмның отбасына моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.
9 қараша 2026 18:30 / Новости Казахстана
Мұнай өнімдерін экспорттауға салынған тыйым тағы алты айға ұзартылды
9 қараша 2026 18:16 / Новости Казахстана
Роботтар жұмысқа шықты: автоматтандырудың жаңа толқынынан кім табыс табады?
9 қараша 2026 17:28 / Новости Казахстана
Түркістанда аудан орталығындағы балалар алаңында екі әйел төбелесті
9 қараша 2026 16:07 / Новости Казахстана
Астанада Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды: полиция не дейді?
9 қараша 2026 15:35 / Новости Казахстана
Интернет-казиноларға 191 млрд теңге аударылған
9 қараша 2026 13:31 / Новости Казахстана