Әйелінің өліміне күдікті күйеуі болып шықты

3 қараша 2023 12:32 / Новости Казахстана

Әйел өліміне күдікті күйеуі болып шықты, екеуі де - полиция қызметкері, - деп хабарлайды Arbat.media.

Отбасында кәмелетке толмаған екі бала бар.  Әйелдің денесі Қостанай ауданындағы өз үйінің ауласынан табылған.

Жәбірленуші мен күдікті заңды некеде болған. Екеуі де — полиция қызметкері. Заңды түрде ажырасу процесі жүріп жатқан.

— Полиция бұл іске күдікті деп танылған азаматты анықтап, ұстады. Ведомство оның ешқайда қашып кетпегенін, ұсталған соң бірден уақытша ұстау изоляторына қамалғанын айтты. Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу жүріп жатыр, — деп хабарлады Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі.

Қылмыстық істі тергеуді ІІМ өз бақылауына алды.

Өңірге министрліктің жеке қауіпсіздік және криминалдық полиция қызметкерлерінен тұратын топ жіберілді.

Серіктес жаңалықтары