“Әкесінің тапаншасы”: Екі жасар бала анасын атып өлтірді

17 маусым 2025 17:37 / Новости Казахстана

Екі жасар бала байқамай анасына оқ атып, әйел қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бразилияның Рио-Верде-ди-Мату-Гросу қаласында қайғылы оқиға болды. Екі жасар бала кездейсоқ анасына оқ атып, әйел қаза тапты.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеода баланың веранда үстелінде тұрған 9 мм калибрлі Glock тапаншасын алып, ата-анасы жанында сөйлесіп тұрған сәтте оқ атқаны көрінеді.

Қаруды баланың әкесі қалдырып кеткен.

Оқ 27 жастағы Дебораның кеудесі мен қолына тиген. Алғашқы секундтарда әйел есін жоғалтпай, жарақатын қарап тұрған.

Алайда көп ұзамай есінен танып, дәрігерлер келгенге дейін жан тапсырған.

Қару иесі — фермер әрі заңды түрде қаруға иелік еткен. Енді ол абайсызда адам өлтірді деген айыппен тергеліп жатыр.

Полиция қару мен оқ-дәрілерді тәркілеген. Сот органдары баланың әкесімен қалатынын не әлеуметтік қызметтер қамқорлығына берілетінін шешуде.

Серіктес жаңалықтары