Әлеуметтік сақтандыру қорынан 216 млрд теңге тиімсіз жұмсалған
Соңғы 5 жылда орташа зейнетақы 45%-ға, мемлекеттік жәрдемақылар 58%-ға өскен. Ал әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдер 2,5 есе артқан, деп хабарлайды Arbat.Media.
Дегенмен мемлекеттік тексерістің нәтижесінде жүйеде бірқатар мәселе бар екені белгілі болды.
Кейбір азаматтар жүктілік бойынша төлем алу үшін кірісін көбейтіп, жалған жұмыс орындарын көрсеткен. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтитындардың зейнетақы жарналары тұрақсыз. Бұл болашақта төлемнің аз болуына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар қайтыс болған немесе елден ұзақ кеткен адамдар туралы ақпарат толық емес.
Жалпы аудиторлар саладағы 46 кемшілікті әшкереледі. Негізгі мақсат – зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердің тиімділігін арттыру, деректер алмасуды жетілдіру және активтерді дұрыс басқару.