Алимент төлеуден қашып жүрген шетелдік ұсталды

4 қазан 2023 0:20 / Новости Казахстана

Өз елінде алимент төлеуден қашып, халықаралық іздеуде шетелдік ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Атырау облысында 2 қазаннан бері «Заңсыз келуші – 2023» іс-шарасы өтіп жатыр.

  Көші-қон заңнамасын бұзған 200-ге жуық шетел азаматы анықталды. Оның ішінде 151 шетелдік Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 517-бабының 3,4,5,6 және 7-бөлімін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Аталған құжаттың 518-бабымен 46 шетелдік жазаланды. Құқық бұзған 6 шетелдік азаматтық іс жүргізу және әкімшілік тәртібімен ел аумағынан шығарылды. Ал жеке басын анықтайтын құжаттардың болмауына байланысты Өзбекстан Республикасының 16 азаматы қабылдау-тарату орнына орналастырылды, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Шетелдіктің бірі – 1984 жылғы азаматтың өз елінде алимент төлеуден жалтарғаны анықталды. Ол 2 қазанда түнгі мезгілде қоғамдық орында мас күйінде жүрген.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжатын тексерді. Сол кезде оның Өзбекстан Республикасында алимент төлеуден жалтарғаны үшін халықаралық іздеу жарияланған. 

Автор
Серіктес жаңалықтары