Алматы әкімі Президент атынан Олжас Сүлейменовті құттықтады
18 мамыр 2026 16:38 / Новости Казахстана
Мемлекет басшысының атынан Алматы әкімі Дархан Сатыбалды көрнекті ақын, жазушы әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовті 90 жас мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қала әкімі оған әдебиет, мәдениет, қоғамдық ой-пікір мен антиядролық қозғалысты дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін құрмет көрсетіп, жүрекжарды лебізін жеткізді.
Олжас Омарұлы қазақ әдебиетінің көкжиегін кеңейтіп, поэзияға жаңа көркемдік тыныс әкелді. Сонымен қатар оның бастамасымен құрылған «Невада-Семей» қозғалысы ядролық сынақтарға қарсы әлемдік күрестің символына айналып, Семей полигонының жабылуына ықпал етті.
Кездесу соңында қала басшысы абыз ақсақалға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасына амандық тіледі.
30 қыркүйек 2026 18:18 / Новости Казахстана
Астана мен Бангкок әуе байланысына қатысты келісімге келді
30 қыркүйек 2026 17:15 / Новости Казахстана
TikTok-та былапыт сөз айтқан екі блогер қамалды
30 қыркүйек 2026 16:14 / Новости Казахстана
Қазақстанда алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға операция жасалды
30 қыркүйек 2026 15:18 / Новости Казахстана
Ауа райы: Кей аймақтарда қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін
30 қыркүйек 2026 13:15 / Новости Казахстана
Маңғыстауда 126 қой белгісіз себептен қырылып қалды
30 қыркүйек 2026 11:15 / Новости Казахстана