Алматы: Автобуста телефонмен қатты сөйлескені үшін әйелді ұрып жіберді

26 қараша 2024 10:00 / Новости Казахстана
Videoskrin

Алматыда ер адам қоғамдық көлікте телефонмен қатты сөйлеген әйелді ұрып жіберді. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Куәгерлердің сөзінше, келеңсіз жайт (Төле би мен Тұрғұт Өзал көшелерінің қиылысында) №126 автобуста болған, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Жанжалға жолаушылардың бірінің телефон арқылы қатты сөйлесуі түрткі болған. Ер адам оған ескерту жасады, содан кейін оның өз сөзін елемегеніне ашуы келіп, әйелді автобустан шығарып жібермек болады. Ол қарсылық көрсетіп, оны итеріп жіберді. Сол кезде ер адам оған жұдырық жұмсады», - делінген жазбада.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған жағдай бойынша тексеру жүмыстары басталды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Krispi Almaty | Криспи Алматы (@krisp_almaty)

«Алмалы ауданының полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Кінәліге қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес шаралар қабылданатын болады. Жағдай анықталады», - деп атап өтті ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары