Алматы облысы: Білім беру ұйымы басшылары 134 млн жымқырған
Алматы облысының білім басқармасының лауазымды тұлғалары жалған келісім-шарттар жасап, бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Алматы облысы Іле аудандық соты сегіз айыпталушыға қатысты аса ірі көлемдегі алаяқтық бабы бойынша қылмыстық істі қарады, олардың алтауы білім басқармасының лауазымды тұлғалары.
Сотпен анықталғандай, 2022 жылдың желтоқсан айында сотталушылар алдын ала сөз байласу арқылы балабақшаларды тіркеу туралы жалған құжаттар ұсынып, кейін қағидалардың талаптарына сәйкес деп танып, мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізген.
«Осылайша Іле аудандық білім бөліміне 134 млн теңгеден астам залал келтірген»,- деп атап өтті соттан.
Сот жаза тағайындау барысында қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды, атап айтқанда: шын ниетпен өкінуі, келтірілген залалды ерікті түрде өтеуі, сондай-ақ екі сотталушыда жас балаларының болуын ескерді.
«Сот үкімімен барлық сегіз сотталушы кінәлі деп танылды. Екі айыпталушыға – 5 жыл 6 ай мерзім, төрт сотталушыға – 5 жыл және екі сотталушыға – 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК-нің 74-бабына сәйкес екі сотталушы жазасы балалары 14 жасқа толғаннан кейін өтейді»,- деп атап өтті аудандық соттан.
️Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.