Алматы облысында екі судья пара алды деген күдікке ілінді

17 қазан 2023 11:30 / Новости Казахстана

Алматы облысы Талғар ауданы сотының екі судьясы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚазАқпарат жариялады. 

Тамыз айында Талғар ауданы сотының екі судьясына қылмыстық іс қозғалған.

Олар еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматынан пара алды деген күдікке ілінді.

Судьялардың біріне беймәлім тұлға өзіне қатысты қозғалған әкімшілік істі қарағанда елден шығарып жібермейтіндей, айыппұл түрінде жаза тағайындауға көмектесуін өтінген.

Осы шешім үшін ол 30 мың теңге ұсынған.

Өз кезегінде судья әріптесіне жүгінген. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті бұл ақпаратты ресми растамады, алайда жоққа да шығармады.

«Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес «судья сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституцияға ғана бағынады». Сондай-ақ заңға және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігі «кiнәсiздiк презумпциясы» бойынша заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылғанға дейін әр адам кінәсіз саналады», - деп атап өтті Алматы облысы бойынша Антикордың баспасөз қызметінен.

Автор
Серіктес жаңалықтары