Алматы тауларынан адам сүйектері табылды

19 тамыз 2026 16:20 / Новости Казахстана

Алматы облысы Талғар ауданындағы Северцов мұздығынан адам сүйектері табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оларды таудан алып түсу үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы жолға шықты.

Оқиға орнына «Қазавиақұтқару» тікұшағымен «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен Апаттар медицинасы орталығының мамандары аттанды. Мамандар теңіз деңгейінен шамамен 4300 метр биіктікте жатқан сүйектерді қауіпсіз жерге түсіру жұмыстарын жүргізеді.

Құтқарушылардың жұмысына таудың қолжетімсіздігі, күрделі жер бедері, тік жартастар және биіктегі қолайсыз ауа райы кедергі келтіріп отыр.

Сүйектер төменге жеткізілген соң Алматы облысының полиция департаментіне тапсырылады. Құқық қорғау органдары олардың кімге тиесілі екенін және өлімнің мән-жайын анықтайды.

Серіктес жаңалықтары