Алматыда 32,3 мыңға жуық жас жұмысқа орналасты
Алматыда жыл басынан бері қаланы дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын жүзеге асыру аясында 32 мыңнан астам жас жұмысқа орналастырылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ақпан айында Depo evolution park жастар лифт орталығында жастарға жұмыс табуға, кеңес беруге, семинарға қатысуға көмектесетін «Қалалық мансап орталығы» ашылды. Осылайша, соңғы 9 айда 3 мыңнан астам жас кеңес алуға жүгінді.
«Jobfair365» жастарды жұмысқа орналастыру платформасы құрылды, онда 3,7 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланып, 20 өңірден 1,5 мың жұмыс беруші тіркелді. Іске қосылған сәттен бастап 13,5 мыңнан астам жас осы платформаны пайдаланып үлгерді, - деп жазды қалалық әкімдіктен.
Платформаның ерекшелігі, жұмысты тегін іздеумен қатар, қысқа мерзімді курстардан өтіп, сертификат алуға болады.