Алматыда коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшеді
5 қазан 2026 9:15 / Новости Казахстана
Алматыда 5 қазанға қараған түні қатты жаңбыр жауып, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-18метрге дейін жетеді деп болжанып отыр, деп хабарлайды Arbat.Media.
“4 қазан сағат 21:00-ден кейін жаңбыр басталып, түн ортасынан кейін жауын-шашын күшейеді. Кей уақыттарда жауын мөлшері 15-20 мм болады. Таңертең жаңбыр бәсеңдеп, 5 қазан түске дейін тоқтауы ықтимал”, - деп хабарлады “Қазгидромет”.
Қаланы су басудың алдын алу үшін 70 мобильді бригада кезекшілікке шығады. Дайындықта 337 арнайы техника, 103 мотопомпа және 2,4 мың құм салынған қап бар. Жұмысқа 717 маман тартылды.
Негізгі күштер су жиналуы мүмкін учаскелерге бағытталады. Жалпы қала көшелерінде 3 080 жол жұмысшысы мен 1 225 арнайы техника жұмыс істейді.
19 қараша 2026 14:20 / Новости Казахстана
Шымкентте жанармай тасыған көлік өртеніп, жүргізушісі қаза тапты
19 қараша 2026 13:18 / Новости Казахстана
СҚО-да әйел өзі сатып жіберген сиырын полициямен бірге іздеген
19 қараша 2026 12:15 / Новости Казахстана
Балқашта екі кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен бірнеше ер адам қамауға алынды
19 қараша 2026 11:22 / Новости Казахстана
Шығыс Қазақстанда мұғалімін балағаттаған 17 жастағы оқушыға айыппұл салынды
19 қараша 2026 10:38 / Новости Казахстана
Қарағанды облысында жүргізуші 14 жастағы қызды көлікпен қағып кетті
19 қараша 2026 10:25 / Новости Казахстана