Алматыда сейсмикалық қауіпті аумақтарда тұрғын үй салуға шектеу қойылады
28 желтоқсан 2025 15:37 / Новости Казахстана
Алматыда сейсмикалық қауіпті аумақтарда тұрғын үй салуға шектеу қойылуы мүмкін, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сенат отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов жаңа Құрылыс кодексінде сейсмикалық қауіпсіздікке қатысты арнайы нормалар енгізу жоспарланып отырғанын айтты.
Оның сөзінше, құрылыс жобаларын әзірлеу және аумақтарды жоспарлау кезінде сейсмикалық микрозоналау карталары міндетті түрде ескерілмек. Егер Алматы қаласындағыдай жер қыртысының жарықтары немесе аса қауіпті аймақтар анықталса, мұндай жерлерде тұрғын үй салуға тыйым салынады.
Қауіпті аумақтарды көгалдандырып, ол жерлерде саябақтар, скверлер мен демалыс аймақтарын орналастыру көзделіп отыр.
28 қазан 2026 14:21 / Новости Казахстана
Трамп Тоқаевпен кездесуді асыға күтіп жүргенін айтты
28 қазан 2026 13:24 / Новости Казахстана
Астанадағы балабақшада 1,5 жасар бала күйіп қалған
28 қазан 2026 12:28 / Новости Казахстана
Астанада полицейлерден скутермен қашқан жасөспірім ұсталды
28 қазан 2026 11:19 / Новости Казахстана
Діни ұстаз жасөспірімдерге зорлық көрсетті деген күдікке ілінді
28 қазан 2026 10:10 / Новости Казахстана
Петропавлда белгісіз сұйықтық ішіп уланған үш ер адам да көз жұмды
28 қазан 2026 9:12 / Новости Казахстана