Алматыда шетелдік жігіт қызды соққыға жықты

5 қазан 2023 10:16 / Новости Казахстана

Алматыда 19 жастағы шетелдік жігіт қызды қорлап, соққыға жыққан, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бейтаныс жігіттен таяқ жеген бойжеткен әлеуметтік желіде видеоүндеу жариялады.

Оқиға 26 қыркүйектен 27 қыркүйекке қараған түні қаладағы бильярд клубтарының бірінде болған.

«Мен жұмыста болдым. Бейтаныс ер адам мені жыныстық қатынасқа шақырып, ренжіте бастады. Мен бас тартқаннан кейін ол мені балағаттап, қолымнан ұстады. Ол менің жұмыстан шыққанымды күткен. Таксиге отырғызбай, өзімен бірге баруға мәжбүрледі. Келісім бермегенім үшін соққыға жықты. Мен есеңгіреген күйде полиция шақырдым. Полиция болмаса тіпті қиын болар еді. Мен өмірім үшін қорқамын. Оның 19 жаста және шетел азаматы екенін білдім», – деді ол.

Бұл дерек Түрксіб аудандық полиция басқармасында тіркеліп, ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі бойынша тергеліп жатыр.

2004 жылы туған А. есімді азамат ұсталды. Бойжеткеннің алған жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары кешенінің нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Автор
Серіктес жаңалықтары