Алматыда жойқын дауыл салдарынан Шымбұлақта алып ағаш құлады
21 ақпан 2026 14:28 / Новости Казахстана
21 ақпан күні Шымбұлаққа барған қала тұрғындары мен қонақтары алапат дауылдың куәсі болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қатты соққан желден арқанжолдар тербеліп, алып ағаш құлаған. Әлеуметтік желіде қолданушылардың видеосы тарады.
Үлкен ағаш серпантин жолына құлап, көліктердің жүруіне кедергі жасады. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті жолдың тазартылғанын мәлімдеді.
«Жолдың жүру бөлігі Құтқару қызметі мен мемлекеттік ұлттық табиғи парк қызметкерлері тарапынан тазартылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ», – деп мәлімдеді ТЖД.
20 қараша 2026 18:07 / Новости Казахстана
Таразда ашылғанына бір ай толмай бүлінген мемориал қайта қалпына келтірілді
20 қараша 2026 16:35 / Новости Казахстана
Тоқаев: Қазақстанда жаңа әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салынады
20 қараша 2026 15:28 / Новости Казахстана
Алматы әлемдегі ең үздік 20 туристік бағыттың қатарына енді
20 қараша 2026 14:28 / Новости Казахстана
Әкім орынбасары темекі шегіп, түкіргені үшін айыппұл арқалады
20 қараша 2026 13:31 / Новости Казахстана
Ақмола облысында жүк пойызы ер адамды басып кетті
20 қараша 2026 12:25 / Новости Казахстана