“Алматыдағы ірі жол апаты”: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

16 шілде 2025 12:33 / Новости Казахстана

Алматының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ірі жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ведомство мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан 23 адам зардап шеккен.

"Төрт бала №2 балалар ауруханасына, жеті ересек адам №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Қаралып, қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, барлығы амбулаториялық ем алуға жіберілді", – деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Жол апатынан зардап шеккен тағы 12 адам Алматы көпсалалық клиникалық ауруханасына жеткізілген. АККА баспасөз қызметі мәліметінше, барлық зардап шеккендер дәрігерлердің тексеруінен өткеннен кейін тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық ем алуға жіберілген. Пациенттердің жағдайы орташа ауыр және қанағаттанарлық деп бағаланған.

Серіктес жаңалықтары