Алматылық дәрігерлер денесінің 90%-ы күйген ер адамды аман алып қалды
21 шілде 2026 10:17 / Новости Казахстана
Бір ай бұрын 26 жастағы ер адамның қорасындағы газ баллон жарылған. Салдарынан оның денесінің 89%-ы күйіп, 15%-ы терең зақымданған. Әсіресе, сол қолы қатты жарақат алған, деп хабардайды Arbat.Media.
Науқас ауруханаға түскен бойда оған шокқа қарсы ем жүргізілді.
Кейін зақымданған қолына шұғыл қалпына келтіру операциясы жасалып, тері трансплантациясы және зақымданған аяқ-қолдарына оталар жүргізілді.
Төрт тәулік бойы жансақтау бөлімінде жатты. Жағдайы тұрақтанғаннан кейін күйік бөлімшесіне ауыстырылды.
Қазір науқас өздігінен жүріп-тұрып, күнделікті қажеттіліктерін орындай алатын жағдайға жеткен.
Алайда оны әлі де ұзақ оңалту кезеңі күтіп тұр.
19 қазан 2026 18:12 / Новости Казахстана
Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
19 қазан 2026 17:35 / Новости Казахстана
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанға маймыл шешегінің кіру қаупін жоққа шығармады
19 қазан 2026 14:18 / Новости Казахстана
Енді аналар 1,5 жасқа дейінгі баланы күту жәрдемақысын жұмыс істеп жүріп те ала алады
19 қазан 2026 11:15 / Новости Казахстана
Қарағандыда екі күн бойы іздестірілген ер адам өлі табылды
19 қазан 2026 9:30 / Новости Казахстана
Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
16 қазан 2026 18:30 / Новости Казахстана