Алматының экс-әкімі атқарған жұмысын қорытындылады

24 мамыр 2025 16:22 / Новости Казахстана

Ерболат Досаев экс-әкім ретінде атқарған жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды Arbat.media.

“Ең алдымен, ел тарихындағы ең күрделі кезеңдердің бірінде өзімнің туған қалама қызмет етуге мүмкіндік берген мемлекет басшысына ризашылығымды білдіремін. Бұл мен үшін үлкен абырой ғана емес, зор жауапкершілік те болды. Маған артылған сенімді ақтауға тырыстым", – деді Досаев.

Еске салайық, Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды.

Бұған дейін ол Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Президент тиісті жарлыққа қол қойды.

Дархан Сатыбалды 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Бұған дейін Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды.

2022 жыл мен 2025 жылдың 6 қаңтарына дейін Түркістан облысының әкімі болған.

Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары және Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі лауазымдарын атқарды.

Серіктес жаңалықтары